383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұл шешім халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалған игі қадам - сарапшы

  • 138
  • UPD: 12:37, 02.07.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың несие қыспағына түскен отбасылардың қарызын кешіру туралы ұсынысы құптарлық.

Бұл шешім халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалған игі қадам. Тіпті проблемалық кредиттерден құтылуға банктер де келісім беріп отыр. «Алайда кешірім тиісті әлеуметтік топтарға, яғни көп балалы жанұялар мен төлем қабілеті төмен отбасыларға ғана жасалып жатқанын түсіну керек», - дейді экономист Бекнұр Қисықов.

Бекнұр Қисықов, Алматы қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:

Мемлекет оны кешіре алады. Бір акция есебінде бір рет істеуге болады. Және жыл сайын 100-200 адамның кредитін кешіруге болады. Бірақ жағдайлары нашар жанұяларға. Қалғандары төлей беру керек. Банктер де көзқарасын өзгерту керек сияқты деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы