389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс тұрғындарына 100 мың теңгеден. Төлем балаларға қалай жүргізіледі?

  • 294
  • UPD: 12:03, 02.07.2019

Алдағы аптада Арыс қаласының әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден беріле бастайды.

Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін тиесілі қаржы 44781 адамның қолына тиеді. Ол үшін арыстықтарға ешқандай құжат жинап, әкімдіктің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Әрбір отбасы мүшесі анықталып, тиісті қаражаты есептеліп қойылған. «Хабар 24» тілшісі Қамбар Бекенов тікелей эфирде сөз сабақтайды.

Арыстық өрендердің ақшасы ата-анасының есепшотына аударылады. Ал зейнеткерлер мен атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындар әдеттегідей пошта арқылы алуына болады.

Арыстықтарды қолдауға 4,5 миллиард теңгедей жұмсалады. Көмекке қол жеткізетіннің бірі – Нағима Әбдіхалықова. 20 жыл әскери бөлімде қызмет еткен ол қазір баспанасыз қалды. Қос ұлы, келіні және 6 немересімен мектепті паналап жүр. Мемлекет тарапынан берілетін көмек тез аяққа тұрып, мамыражай тірлік бастап кетуге сеп болатынын айтады. «Жарылыс кезінде жан-жаққа бытырай қашқан мыңдаған арыстықтар шарасыз күйде қалды. Бірақ ел-халықтың қамқорлығы арқасында ауыртпалықты көтере білдік», - дейді Нағима.

Алдағы күндері арыстық 2 мыңдай зейнеткер ардагерлер үйлеріне және 140 мүмкіндігі шектеулі жан оңалту орталықтарына жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы