389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы қариялар үйінде мүмкіндігі шектеулі жандар некесін қиды

  • 196
  • UPD: 12:28, 02.07.2019
Оралдағы қариялар үйінде мүмкіндігі шектеулі жандар некесін қиды

Оралдағы қариялар үйінде Александр Сареев пен Гүлнәр Айдарғалиева некесін қиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың екеуі де мүмкіндігі шектеулі жандар. Бірақ өздері арбаға таңылдым деп ешқашан мойыған емес. Спорттық шараларға белсенді қатысады. Неке жүзігін тағып, ерлі-зайыпты атануларына да осы спорт себепші болған. Александрдың жасы 63-те. Ал, зайыбы 10 жас кіші.

Айта кеткен жөн, 2 жыл бұрын жұмысын бастаған мүгедектер спорт клубына қазір 200-ден аса адам келеді. Мұнда олар спорттың 30 шақты түрімен айналысады. «Спорт залы қамкөңіл жандардың тек жаттығар жері ғана емес, бір-бірімен табысар орнына да айналып үлгерді. «Бұған дейін де осындай 2 жұптың некесін қиған едік»,- дейді «Махаббат өмір мен бейбітшілікті құтқарады!» атты акцияны ұйымдастырушылар.

Александр Сареев, қала тұрғыны:

– Бақытты болып тұрмын. Бәріңізге рахмет, ең бастысы ол қасымда жүр, менің өмірімді сақтап көтеріп жүр. 7 жыл болды танимыз. Танысқанда шахмат ойнап едік. Мен шықтым, қарасам, шахмат ойнайды, содан бастадық. Содан бері шахмат ойнап жүрміз.

Әсия Аманбаева, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Александр да, Гүлнәр да екеуі де біздің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған клубтың спортшылары. Александр өзі армрестлингпен айналысса, Гүлнәр теннис және шахматпен айналысады. Екеуі де еңбекқор адам, әрине біз олар үшін қуанып тұрмыз.

Хабар 24 телеарнасы