389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы апат шамамен 20 миллиард теңге шығын әкелді - Беккер

  • 347
  • UPD: 14:52, 02.07.2019

Алдын ала есеп бойынша Арыс қаласындағы апат шамамен 20 миллиард теңге шығын әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Төтенше жағдай комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл сандар әлі өзгеруі мүмкін. Сондай-ақ апат күндері 409 адам медициналық көмекке жүгінді. 80 шақтысы ауруханаға жатқызылған. 54-і әлі ауруханада ем алып жатыр. Қазір қала 17 секторға бөлініп, азаматтардың орналстыру шығындарды есептеу ісі жүргізіліп жатыр. 28 маусымнан бері тұрғындардың шағымы бойынша 48 тексеру жүргізілді. Арыс тұрғындарынан мүлкінің ұрланғаны туралы 85 арыз түскен.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Үйіне қайтқан тұрғындар мүлкі жоғалғаны туралы 85 арыз түсірген. Алайда, оннан астам арызды иелері қайтарып алды. Аса ірі көлемде азық-түлік ұрлау фактісі тіркелді. Бір адам көлігі ұрланғанын хабарлаған. Жалпы, әр оқиға бойынша жедел-іздестіру топтары шұғыл шаралар қабылдап жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы