389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы гуманитарлық көмек қоймалары онлайн режимде жұмыс істеп тұр

  • 276
  • UPD: 14:50, 02.07.2019

Бүгін Арыста базарлар мен дүкендер ашылды. Дегенмен, қала тұрғындарына азық-түлік тарату жұмыстары жалғасып жатыр.

Қамбар бекенов, «Хабар 24» тілшісі:

- Республика өңірлерінен Арысқа 500 тоннадан астам гуманитарлық көмек келген. Оның 400 тоннасы үйді-үйге жеткізілді.

Гуманитарлық көмек қоймалары онлайн режимде жұмыс істеп тұр. Апаттан зардап шеккен арыстықтарға ішіп-жемнен бөлек киім-кешек, төсек жабдықтары жеткілікті деңгейде жиналды. Қаладағы 2 қоймаға онлайн веб-камералар орнатылды. Қоймадағы сараптау, жүк түсіру, қабылдау, сұрыптау және жөнелту жұмыстарын тікелей көрсетілімде бақылауға болады.

Қазіргі таңда Арыста үйлерді жөндеу жұмыстары қарқын алып жатыр.

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы