384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемен көшелеріндегі кейбір жолдардағы жаңа асфальтты қайтадан төсеу керек

  • 178
  • UPD: 15:21, 02.07.2019
Өскемен көшелеріндегі кейбір жолдардағы жаңа асфальтты қайтадан төсеу керек

Өскемен қаласының көшелеріндегі кейбір жолдардағы жаңа асфальтты қайтадан төсеу керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені ол сапасыз жасалған. «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» мамандары жөнделген жолдың сапасын текесере келе, осындай қорытынды шығарды. Мысалы, олар қайта жаңғыртудан өтіп жатқан Сәтпаев даңғылында бірнеше учаскіден сынама алып, зертханада сараптама жасаған. Нәтижесінде жол үстінде төселген қиыршықтас-мастикалық асфальтбетон қалыңдығы кейбір жерде талапқа сай емес екені анықталды. Жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігер компания анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзім ішінде жоюға міндетті. Жалпы жолдың сапасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан таяуда ғана құрылған Ұлттық жол активтері сапасы орталығының мамандары мұндай тексерулерді тұрақты түрде жүргізіп тұрмақ.

Еркін Даумов, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының маманы

- Зертханалық тексеріс барысында алынған қиындылардың біреуі жобада көрсетілген қалыңдыққа сай емес болып шықты. Яғни, 3,7 сантиметр көрсетті, ал жоба бойынша 5 сантиметр болу керек. Осы анықталған кемшілік бойынша тапсырыс беруші өкілдер мен мердігерге хат жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы