389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы қызылордалық бригада 254 үйді күрделі жөндеуден өткізеді

  • 283
  • UPD: 20:47, 02.07.2019

Қазір Арыста жарылыс салдарынан бүлінген үйлер жөнделіп жатыр. 17 сектордың барлығында жұмыс қызу.

Қаладағы 104 көп қабатты, 7200 жеке тұрғын үй қорын жаңғыртуға еліміздің барлық облыстары атсалысуда. Алғаш болып іске кіріскен өңірлердің қатарында көршілес Қызылорда облысы да бар. 

- Қызылордалықтар қанша үйді жөндейді екен? 

Қамбар Бекенов, тілші:

- 6-секторға жауапты қызылордалықтар 254 жеке үйді күрделі жөндеуден өткізеді. Мүлдем жарамсыз бір үйді жаңадан салады. 

16 көшеде орналасқан үйлерді түгел жөндеп шығатын сырбойылық 22 мердігер мекеме анықталды. Жүк көтергіш, тасымалдағыш техникаларымен қоса құрылыс материалдарын жеткілікті ала келген. Сонымен қатар пластик терезе жасау, ағаш жону және темір-металл дәнекерлеу құрылғыларын да әкеліп, іске кірісіп кетті. Үйлердің көбісінде шатыр, есік-терезелер сынған. Жаңғырту шараларына 10 бригада жұмылдырылып отыр. 

Марсбек Молдабаев, Қызылорда облыстық сәулет, құрылыс бақылау басқармасының басшысы:

- Бұл жұмысқа қатыстырылған қазір бізде 3 камаз, 3 газель, 1 тиегіш барығы қамтылған. Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан адам саны 30. Осы 1-2 күнде 120 адамға дейін тартамыз деп отырмыз. 

Қамбар Бекенов, тілші:

- Құрыш қолды құрылысшылар берілген аумақтағы құрылыс жұмыстарын тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Енді бірер күнде әлеуметтік нысандарды жаңғырту жобалары да қолға алынады.

Хабар 24 телеарнасы