384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА өкілдері Арысқа 9 көлікпен көмек жөнелтті

  • 136
  • UPD: 19:48, 02.07.2019
ҚХА өкілдері Арысқа 9 көлікпен көмек жөнелтті

Қазақстан халқы ассамблеясы Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастырып келеді.

«Мейірімділік керуені» акциясы аясында Алматыдан 9 жүк көлігімен азық-түлік, құрылыс заттары жөнелтілді. Қайырымдылық шараға қаладағы этно-мәдени бірлестіктер, кәсіпкерлер мен «Қайрат» шағын ауданының тұрғындары үлес қосқан. Бұған дейін, Қазақстан халқы ассамблеясының өңірлердегі бөлімшелерінің атсалысуымен 70 миллион теңгенің 100 тонна тұрмысқа қажетті заттары жіберілді. Шымкент пен Түркістан қалаларында Ассамблеяның арнайы көмек штабы ашылып, еріктілер осы күнге дейін сол жерде еңбек етіп жатыр.

Шаймардан Нұрымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Этностар орталығы бірінші күннен бастап жұмыс істеп жатыр. Осы уақыттың ішінде 100 тоннаға жуық тамақ, киім кешек жіберілді. Қазақстан Халқы Ассамблеясы атынан. Бүгінде сол жерде волентерларымыз жұмыс істеп жатыр. 000601 Енді екінші кезең басталды. Ол екінші кезең қираған жерлерді, бұзылған үйлерді орнына келтіру.

Хабар 24 телеарнасы