389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық жастар Арысқа көмек көрсетуге аттанады

  • 340
  • UPD: 20:16, 02.07.2019
Ақмолалық жастар Арысқа көмек көрсетуге аттанады

Ақмола облысының жұртшылығы да Арыстағы ағайынға көмектесу үшін 100 млн теңгеге жуық қаражат жинады.

Бұл қаржы апаттан зардап шеккендерді жан-жақты қолдауға жұмсалады. Мұны облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Арысқа көмек» атты баспасөз брифингі барысында мәлімдеді. Мәселен, арыстық 500-ге жуық баланың аймақтағы сауықтыру орталықтарында демалуға кететін шығындары, қаланы қалпына келтіруге жұмсалатын қаржы бәрі осы қордан төленеді. Мәселен, Ақмола облысына Арыстағы 470 үйді жөндеу тапсырылған. Қазір онда көкшетаулық құрылысшылар жұмыс істеп жатыр. Жақында алғашқы үйлер күрделі жөндеуден өтеді. Одан бөлек Арысқа ақмолалық ерікті жастар да аттанады. Олар үйлеріне енді жайғасып жатқан халыққа жан-жақты көмектеседі. Сондай-ақ таяу арада Арысқа пойызбен азық-түлік жөнелтілмек. 

Ермек Маржықпаев, Ақмола облысының әкімі: 

- Менің өзім де Арыс қаласына бару үшін билет алып қойдым. Барып штабтың жұмысымен таныссам деймін. Жергілікті халыққа сый-сияпат та ала барамыз. Тағы басқа қандай көмегіміз қажет болады, соны біліп келмекпін.

Хабар 24 телеарнасы