384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы қалалық полиция департаменті бос орындар жәрмеңкесін өткізді

  • 158
  • UPD: 23:36, 02.07.2019

Алматыда учаскелік полиция мамандары жетіспейді. Осыған орай қалалық полиция департаменті бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Мамандардың айтуынша, қауіп-қатері көп қызметке тұрғысы келетіндер қатары аз емес екен. 

Аманжол биыл жоғарғы оқу орнын заңгер мамандағы бойынша тәмамдады. Білімді жастың ендігі мақсаты  өзі қалаған жұмысқа тұру. Яғни тәртіп сақшысы болу. Ықыласы іздеуші қызметіне ауған.  

Ақжол Аманжол, қала тұрғыны:

- Өзім кішкентай кезден бері арманым деп айтсам болады. Ағаларым болатын полицейлер. Соларға қызығып мен де өстіп халыққа кейін көмектесіп, адал қызмет атқарғым келеді.

Түр-тұрпаты алыстан танылатын жандардың қоғам тыныштығы үшін қызметі абырой саналады. Дегенмен, шенділердің жұмысына қатысты көзқарас та әрқилы. Үлкен қалада қылмыс, ұрлық, бұзақылық, тәртіп бұзушылық жиі болады. Олардың санын азайту үшін сапалы жұмыс, саналы кадрлар керек. Қалалық полиция департаменті өткізген жәрмеңке мақсаты да осы.

Олжас Мырзабеков, қалалық полиция департаментінің  басқарма басшысы:

- Жедел уәкілдердің лауазымдары, тергеуші, анықтаушы, полиция учаскелік инспекторлер және жол патрульдік полиция қызметкерлерінің бос лауазымдары бар. Сол себепті мына жәрмеіңке бүгінгі таңда өткізіліп жатыр. Қала тұрғындарын осы лауазымдарға, ішкі істер органдарына келуге шақырамыз.

Алматы қалалық полиция департаменті 200 бос орынға байқау жариялады. Бос  жұмыс орындары туралы барлық ақпаратты қаладағы кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудандық ішкі істер басқармаларынан алуға болады. Жалпы жыл басынан бері полиция департментіне жаңадан 100 адам жұмысқа орналасқан. Ал, күзде тағы  200 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Авторлары: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы