384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық 22 мердігер Арыстағы үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізеді

  • 104
  • UPD: 23:57, 02.07.2019
Қызылордалық 22 мердігер Арыстағы үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізеді

Арыста жарылыс салдарынан бүлінген үйлер жөнделіп жатыр.

17 сектордың барлығында жұмыс қызу. Қаладағы 104 көп қабатты, 7200 жеке тұрғын үй қорын жаңғыртуға еліміздің барлық облыстары атсалысуда. Алғаш болып іске кіріскен өңірлердің қатарында көршілес Қызылорда облысы да бар. 16 көшеде орналасқан үйлерді түгел жөндеп шығатын сырбойылық 22 мердігер мекеме анықталды. Жүк көтергіш, тасымалдағыш техникамен қоса құрылыс материалдарын жеткілікті ала келген. Сонымен қатар пластик терезе жасау, ағаш жону және темір-металл дәнекерлеу құрылғыларын да әкеліп, іске кірісіп кетті. Үйлердің көбінде шатыр, есік-терезелер сынған. Жаңғырту шараларына 10 бригада жұмылдырылып отыр. Құрыш қолды құрылысшылар берілген аумақтағы құрылыс жұмыстарын тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Марсбек Молдабаев, Қызылорда облыстық сәулет, құрылыс бақылау басқармасының басшысы:

- Бұл жұмысқа қатыстырылған қазір бізде 3 камаз, 3 газель, 1 тиегіш барығы қамтылған. Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан адам саны 30. Осы 1-2 күнде 120 адамға дейін тартамыз деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы