384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс тұрғындарына Семейден 20 тонна құс еті жөнелтілді

  • 475
  • UPD: 14:32, 03.07.2019

Гуманитарлық көмекті өңірдегі екі ірі құс фабрикасы көрсетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа мұздатылған өнімнің жалпы құны – 15 млн теңге. Сондай-ақ аталған екі кәсіпорынның ұжымы арыстықтарға көмек көрсету қорына бір күндік жалақыларын аударды. Семейден жөнелтілген құс еті Арысқа 2-3 күнде жетеді.

Айдар Садырбаев, қала әкімінің орынбасары:

– Арыс қаласындағы ағайын-туыстарға Семейдің ыстық сәлемін жеткізеді деген зор үмітпен сәт-сапар тілейміз. Осы орайда қайырымдылық жасап, қайырлы болған ел азаматтарына зор ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз. Арыстағы ағайынмен біргеміз!

Хабар 24 телеарнасы