384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда «Жазғы академия» лагері ашылды

  • 180
  • UPD: 14:28, 03.07.2019

Балалар Оқушылар сарайында түрлі үйірмелерге қатысып, демалыстарын қызықты, әрі пайдалы өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Солардың бірі – үлгілеу тобы. Онда жас өнертапқыштар дрон жасап шығарыпты.

Бұл дрон бүгін бірінші рет көкке көтерілді. Озық қондырғыны мектеп оқушылары екі айдың ішінде құрастырып шығарған. Ол солтүстіктің қатты желінде де ұша береді.

Әлімжан Нығмеджан, оқушы:

– Бұл дронды түрлі салада қолдануға болады. Ең бастысы, ұшу қондырғысын өзіміз жасап шығардық. Алдағы уақытта басқа түрлерін де құрастырамыз.

Оқушылар сарайында ән, би, қолөнер секілді басқа да үйірмелер бар. Ал химия-биология зертханасында түрлі тәжірибелер жасалады. Жалпы, «Жазғы академия» лагеріне 100-ден астам бала келеді.

Кәмшат Мұсина, Оқушылар сарайының әдістемелік бөлім меңгерушісі:

– Оқушылар әртүрлі үйірмелерге қатыса алады. Жан-жақты, оның ішінде көркем өнер бағыты, оның ішінде IT бағыты бойынша, оның ішінде ғылыми-биологиялық бағыт. Және де әртүрлі спорттық ойындарға, эстафеталарға қатысады.

Балалар лагері жаз бойы жұмыс істейді. Бұл жерде оқушылар ойын ойнап қана қоймай, ой-өрісін дамытып, өздерін зияткерлік қырынан да таныта алады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы