389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық аударма бюросы: Шет тіліндегі 10 мыңға жуық сөздің қазақ тіліндегі баламасы пайда болды

  • 567
  • UPD: 14:28, 03.07.2019
Ұлттық аударма бюросы: Шет тіліндегі 10 мыңға жуық сөздің қазақ тіліндегі баламасы пайда болды Zakon.kz

Алматыда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында тағы 30 оқулық қазақ тіліне аударылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жарық көрген бұл жоба аясында әлемнің үздік жоғары оқу орындарында оқытылатын 48 кітап қазақ тіліне аударылып, студенттер мен ғалымдардың қолына жеткен еді. Арнайы құрылған Ұлттық аударма бюросы дәл қазіргі таңда тағы 30 оқулықты аударып жатыр. «Биыл қазақ тіліне аударылатын 30 оқулықтың дені кино өнері мен әлемдік музыканың тарихына байланысты», – дейді Ұлттық аударма бюросының мүшелері. Сондай-ақ аудармашы ғалымдардың пікірінше, көптеген терминдердің қазақ тіліндегі баламасы пайда болды.

Әсет Құранбек, философия ғылымдарының кандидаты, Ұлттық аударма бюросының редакторы: 

– Қазірдің өзінде Ұлттық аударма бюросының аудармаларының нәтижесінде 10 мыңға жуық Еуропа тілдерінде, шет тілдеріндегі  сөздердің қазақ тіліндегі баламасы пайда болды. Яғни терминдердің қазақ тіліндегі ұғымдары, түсініктері, баламалары пайда болды. Бұл да үлкен жетістік деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы