384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс жұрты қалыпты өмірге оралып келеді

  • 224
  • UPD: 14:28, 03.07.2019

Қалада банк бөлімшелері мен сауда орталықтары жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Тұрғындарға тұрақты кесте бойынша жалақы, атаулы әлеуметтік көмек және жәрдемақы аударылып жатыр. Жарылыс салдарынан бүлінген барлық нысандарды қалпына келтіру шаралары қарқын алды. 17 сектор бойынша бес жүздей үйде жөндеу жұмыстары басталды.

Арас қаласы мен маңайындағы елді мекендерді қосқанда 8867 үй бар. Соның 6127-сі жарылыстан зардап шеккен. Жаңғырту жұмыстарына бүгінгі таңда мыңнан астам құрылысшы тартылды.

Жалпыхалықтық асарға білек сыбана кіріскен Батыс Қазақстан облысының құрылысшылары 20 шақты үйді жөндеп бітіріп қалды. Жалпы, оларға 700-ге жуық үй бөлінген, соның 50 шақтысы бүлінбеген. Қалған үйлерге зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтіріліп жатыр. Батысқазақстандықтар түгел жанып кеткен 3 үйді қайта салып береді.

Айта кету керек, Арыс тұрғындары да қол қусырып отырмай, құрыш қолды құрылысшыларға жәрдемдесіп жатыр. 700-дей белсенді ерікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп туындаған мәселелерді шешуге атсалысып жүр.

Авторы: Қамбар Бекенов

Хабар 24 телеарнасы