383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Туған елге саяxат» туристік пойызы жолға шықты

  • 316
  • UPD: 14:26, 03.07.2019
«Туған елге саяxат» туристік пойызы жолға шықты

«Туған елге саяxат».

Елімізде дәл осындай атаумен балалар туристік пойызы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Онда 200 бала саяxатқа шығып, қазақ елінің көрікті тариxи орындарын аралайтын болады. Ал өзге елде тұратын қандас балғындар да осы арқылы алғаш рет атамекенге саяхат жасайды. Жас саяхатшылар қатарында шығармашылық байқаудыӊ жеӊімпаздары да бар. Олар бұған дейін ел астанасы Нұр-Сұлтанның көз тартар жерлерін аралап, түрлі зияткерлік ойындар, спорттық жарыстар, ағылшын тілі курстары сияқты үйірмелерге қатысқан. Аталған жоба осымен төртінші жыл қатарынан балаларға қуаныш сыйлап отыр. «Оқушылардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттырып, Отанын сүюге тәрбиелеуді мақсат етеміз», – дейді ұйымдастырушылар.

Айзада Амангелді, жас саяхатшы:

– Мен Түркістан облысы Қазығұрт ауданынан келдім. Саяхаттың басталғаны бізге керемет әсер қалдырып жатыр. Мен келе жатқан экскурсиядан өзім көрмеген жерлерді көріп, қызықты мағлұмат аламын деген сенімдемін.

Ербол Кеңгербаев, әлеуметтік жобалар қорының директоры:

– Бізде Беларусь, Ресей және Қырғызстан Республикасынан балалар бар. Осы саяхатымыз 5 қалада болады. Олар – Нұр-Сұлтан, Байқоңыр, Тараз, Алматы және Балқаш бағыты.

Хабар 24 телеарнасы