389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстықтар уақытша салық төлеуден босатылады

  • 656
  • UPD: 14:26, 03.07.2019

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Арыс қаласының салық төлеушілеріне жыл соңына дейін салық каникулын ұсынатын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындарға салықты мәжбүрлі түрде өндіріп алудың шаралары қолданылмайды.

Айта кетейік, Арыс қаласында 800-ге жуық заңды тұлға, 3 мыңнан аса жеке кәсіпкер мен 65 мың 500-ге тарта жеке тұлға тіркелген.

Берешегі бар салық төлеушілер бойынша қарыздың мерзімін кейінге қалдыру немесе оны ұзарту жұмыстары жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы