384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА Арысқа құрылыс материалдарын жіберді

  • 626
  • UPD: 14:51, 03.07.2019

Арыстықтар отандастарының қолдауын айқын сезініп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Апат аймағына гуманитарлық көмек толассыз келіп жатыр. Бүгін қалаға Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан жіберілген кезекті жүк көліктері келіп жетті.

Арыстағы қос қоймаға жалпы 500 тоннадан астам түрлі тауар келген. Күн сайын тұрғындарға таратылып жатыр. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы бұған дейін көбінесе азық-түлік жіберген болса, бұл жолы 3 жүк көлігіне құрылыс материалдарын көптеп тиепті. Жалпы, 12 миллион тг тауары арыстықтарға көмек ретінде үлестіріледі. 

Ортақ Отанымызды мекендейтін түрлі ұлт өкілдерінің қайырым-көмегі мұнымен толастамайды. Ассамблеяның «Жақсылық жаса» жобасы аясында еріктілер тобы құралып, олар Арысты қалпына келтіру жұмыстарына белсенді араласады.

Авторы: Қамбар Бекенов

Хабар 24 телеарнасы