384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласы снарядтардан толық тазартылды

  • 418
  • UPD: 14:25, 03.07.2019
Арыс қаласы снарядтардан толық тазартылды

«Ал елді мекенде қалған снарядтардың еш қаупі жоқ», – дейді мамандар.

Дегенмен 500-ден астам адамнан құралған 42 инженерлік-саперлік топ қаланың айналасында белсенді жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл жерге тұрғындарға кіруге тыйым салынған. Елді мекен іргесіндегі даланы жарылғыш қаупі бар заттардан тазартуға арнайы мамандар тартылған. Инженерлік-саперлік топқа радиусы 10 шақырымға дейін аумақты аралап шығу міндеті тұр. Қауіпсіздік шаралары мақсатында жиналған снарядтар арнайы көліктерге тиеліп, қызыл жалаушамен белгіленеді.

Хабар 24 телеарнасы