384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жұмыссыздық деңгейі 6,4 процентті құрап отыр

  • 209
  • UPD: 14:24, 03.07.2019
Алматыда жұмыссыздық деңгейі 6,4 процентті құрап отыр

Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында жұмыссыз жүрген жастар көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматының өзінде жұмыссыздық деңгейі 6,4 процентті құрап отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту департаментінің директоры Ерболат Абулхатин айтты. Алайда аталған өңірлерде бос жұмыс орындары жеткілікті. Жастар мамандығының сәйкес келмеуіне және жалақының аздығына байланысты еңбекпен қамту орталығы ұсынған орындардан бас тартып жатады. Ендігі мақсат – жастарды кәсіпкерлікке тарту. Осы орайда «Бастау-бизнес» жобасы бойынша биыл қосымша 40 мың адам оқытылады. Оның жартысы жастар болады. Ауылдықтарға берілетін қайтарымсыз гранттардың көбі жастарға беріледі. Одан бөлек мемлекеттік бағдарламалар арқылы 19 мың адамға жеңілдетілген кредит берілсе, оның 60 пайызын жастар құрайды. 

Ерболат Абулхатин, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры:

– Қазіргі таңда елімізде жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайызды құрап отыр. Ол деген жалпы жұмыссыздық деңгейінен едәуір төмен. Жалпы, жұмыссыздық деңгейі 4,8 деңгейді құрайтын болса, жастар – 3,9. Енді «Жас маман» жобасы бойынша жастар тәжірбиесін одан әрі кеңейттік. Жалпы, биыл 15 мың адамды жастар тәжірибесіне жіберетін болсақ, биыл шілде айынан бастап қосымша тағы 10 мың адамды жіберетін боламыз.

Жұлдыз Омарбеков, ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

– Бір жұмыстан шығып, екінші жұмысқа орналасып, өзіне орын таба алмай, қай жерде жұмыс істерін білмей жатады. Біз биыл осы жоба бойынша «Еңбекқор жастар» деген үлкен бір жоба бастайық деп жатырмыз. Енді бастаймыз деп жатырмыз. Бұл жобаның басты мақсаты – ауылдағы, өңірлердегі жастардың көздерін ашу. Қазақстанда «әрекетке – берекет». Жұмыс істеймін деген адамға әрдайым бәрі бар.

Хабар 24 телеарнасы