388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер этносаяхатқа шықты

  • 567
  • UPD: 14:23, 03.07.2019
Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер этносаяхатқа шықты

Маңғыстаулық жүзден астам мемлекеттік қызметші тарихшылармен бірге өңірдің киелі орындарына саяхатқа шығып келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Танымдық шараны еліміздің мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аймақтағы департаменті ұйымдастырды. Республика бойынша алғашқы болып өткен этносаяхат Шерқала, Ақмыш, Қызылқала секілді қойнауына сыр бүккен тарихи жерлерді қамтыды. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында қызу тіршілік болған Қызылқала қалашығының орны көпшілік көңілін бірден баурап алды. Олар таңбалы тастар алаңын аралап, қыштан жасалған ыдыс сынықтарын аршу жұмыстарына атсалысты.

Нұргүл Жанназарова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аймақтық департаментінің басшысы:

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен Маңғыстаудың мың жылдығын ұштастыра отырып, өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілерге осындай тарихи-мәдени орындарға саяхатты ұйымдастырып отырмыз. Бұл саяхаттың берері мол деп ойлаймыз. Себебі, әр мемлекеттік қызметші өз қызметтік міндеттерін атқарып қана қоймай, туған жерінің тарихын біліп, рухани құндылықтарымызды дәріптей білулері керек.     

Мұхтар Қазақ, облыстық соттың жетекші маманы:

– Маңғыстауды ежелден әулиелер мекені дейді. Ақмыш, Шерқала тауларына, осы этноауылға келіп отырмыз. Біздің, мемлекеттік қызметшілердің бұдан алған әсеріміз өте жақсы. Әрі қарай да жалғасын таба берсін дейміз.

Хабар 24 телеарнасы