389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айдос Үкібай Тұңғыш Президенттің сайты жайлы айтып берді

  • 515
  • UPD: 14:51, 03.07.2019
Айдос Үкібай Тұңғыш Президенттің сайты жайлы айтып берді

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жаңа сайттың жұмысы жайлы айтып берді.

«Elbasy.kz сайтының жұмысына Елбасы кеңсесі, Президент іс басқармасы және Тұңғыш Президент қоры секілді бірқатар қызмет жұмылдырылды. Бұл ресурсты құрастыру үшін сайт жасау және дизайн салаларындағы біліктілігі жоғары мамандар тартылғанын да айта кету керек», – дейді А.Үкібай.

Сонымен қатар баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, Тұңғыш Президенттің бастапқы беттегі суреттері қолданушы интернет-ресурсқа кірген бойда үнемі ауысып тұрады.

«Біз 30 суретті таңдап алдық. Бұл – символикалық сан. Архивтік фотоларды жоғары сапада көшіріп алуға болады. Жаңа материалдар түскен сайын медиагалерея да жаңартылып отырады», – дейді Айдос Үкібай.

Elbasy.kz сайтында Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаяны туралы толық мәлімет бар. Одан қалды Елбасы кеңсесіне, Nur Otan партиясына, Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған бөлімдер да қамтылған.

Айдос Үкібайдың айтуынша, Елбасының баспасөз қызметінің жұмысымен әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы да танысуға болады.

Ескере кетер жайт, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ешбір әлеуметтік желіде жеке парақшасы жоқ.

Хабар 24 телеарнасы