389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысынан Арысқа 1,5 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

  • 306
  • UPD: 18:33, 03.07.2019

Ақмола өңірінің халқы Арысқа 1,5 тонна гуманитарлық көмек жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қажеті заттар тиелген көліктер 2 тәулік ішінде Арысқа жетеді. Жарылыс болған аймақ халқына қолдау ретінде азық-түлік, ауыз су, кондитерлік өнімдер, жеке бас гигиенасына қажетті заттар, киім-кешек пен төсек орындары жіберілді. Игі іске мемлекеттік қызметшілер, «Nur Otan» партиясы, еңбек ұжымдары, этно-мәдени орталық мүшелері мен аймақ халқы ат салысты. Одан бөлек, арнайы есепшотқа 100 млн теңге қаражат аударылды. Барлық аудандарда гуманитарлық көмеке жинау бекеттері ашылған.

Ғалым Бекмағамбетов, «Nur Otan» партиясы ОФ төрағасының орынбасары:

- Арыста болған оқиғадан көптеген үйлер қирап, жарамсыз күйге түсті. Сол себепті ең алдымен жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарына көмектесуіміз қажет. Осы орайда, өңірімізде арнайы есепшот ашылып, қаражат жиналды. Бұл ақшаға жергілікті жерде қажетті құрылыс материалдары сатып алынатын болады.

 

Хабар 24 телеарнасы