389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы баспана атаулының 85%-і қайта жаңғыртуды қажет етеді

  • 327
  • UPD: 21:35, 03.07.2019

Арыс қаласында 136 тұрғын үй қалпына келтірілді. Тағы 571 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы Арыстағы баспана атаулының 85%-і қайта жаңғыртуды қажет етеді. Мұның сыртында жарылыс салдарынан арыстық 28 отбасының баспанасыз қалған айтуымыз керек. Оларға жаңа үй салынады.

Ал қоныс дайын болғанша олар толықтай мемлекеттің қамқорлығында болмақ.

Қамбар Бекенов, «Хабар 24» тілшісі:

- Көп балалы ана қиын сәтте қолтығынан демеп, сүйеу болған отандастарына шексіз алғысын білдіреді. Үйелмелі-сүйелмелі балаларымен №1 мектепте орналасқан оған барлығы құрметпен қарайды.

Арыста жұмыс істейтін құрылыс компанияларының саны 118-ге дейін арттырылды. Барлық үйлердегі құрылыс жұмыстарының сапасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан бақылауға алынады.

Енді ертең әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары басталады.

Хабар 24 телеарнасы