389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде электронды еңбек шарты жасалады

  • 434
  • UPD: 20:00, 03.07.2019
Елімізде электронды еңбек шарты жасалады

Жобаны салалық министрлік дайындап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ведомство басшысы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, еңбек дауының көбі жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек шартының болмауынан туындайды. Ал электронды шарт жасалса, еңбек құқығын бұзуға жол берілмейді. Сонымен қатар сала басшысы 2021 жылға дейін сұранысқа ие 100 мамандық бойынша 200 мың кадр даярланатынын айтты. 28 мыңнан астам мұқтаж азамат жеке кәсібін ашу үшін 505 мың теңгеге дейін қайтарымсыз грант алады. Жыл сайын жастар, көпбалалы аналар мен мүгедек жандар үшін проценттік мөлшерлемесі төмен 5 мың шағын несие бөлінетін болады.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірінші сәуірден бастап мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін қызметкерлердің жалақысы шамамен 30% өсті. Оған енді 1млн 100 мың қазақстандық қамтылады. Оған бюджеттен қаржы бөлінді. Биыл еңбек бағдарламасын жүзеге асыру үшін мемлекеттен 137 млрд теңге бөлініп отыр.

Хабар 24 телеарнасы