389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін бастауыш мектеп жабылмайды

  • 333
  • UPD: 21:40, 03.07.2019

Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін бастауыш мектеп жабылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Керісінше жаңадан білім ұясы ашылады. Қала әкімі Қайрат Ахметов осылай дейді. Бұған дейін әлеуметтік желілерде «шаһардағы жалғыз мемлекеттік тілдегі мектеп жабылады» деген ақпарат тарап, жұртшылықтың наразылығын тудырған еді. Әкім мұның құр қауесет екенін жеткізіп, мәселе орталықтағы қазақ мектебін бос тұрған ғимаратқа көшіруден басталғанын айтты. Қазір Қостанайда бір емес алты бірдей қазақ мектебі бар. Оларда 4 мыңдай оқушы білім алады. Ал 960 орындық жаңа білім ошағы үш ауысымдық мектептердің мәселесі мен орын тапшылығын шешуге сеп болмақ.  

Қайрат Ахметов, қала әкімі:

- Шынын айтқанда жалғыз бастауыш мектеп орталықта бар екені анық. Ата-аналардың айтып жатқаны орыс мектептерін көшіріп тастап орталықтан қазақша мектеп ашып беру. Жаңадан ашылатын мектеп Жеңіс пен Бородин көшелері қиылысында орналасқан мекеме. Кім Қостанайды жақсы біледі ол шет жақ емес, ол қаланың ортасы.

Хабар 24 телеарнасы