383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаспийдегі қауіпсіздікті бақылауға полициямен қатар еріктілер де жұмылдырылмақ

  • 158
  • UPD: 21:41, 03.07.2019

Суға түсудің қызығымен қатар қаупі де бар.

Ақтаудағы құтқару қызметі теңіздің адам аяғы жетер 20 шақырым аумағын толық қамтуға үлгермей жатыр. Сондықтан Каспийдегі қауіпсіздікті бақылауға төтенше жағдай қызметкерлерімен қатар жергілікті полиция өкілдері және еріктілер тартылатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезекшілік ұйымдастырылып, арнайы топ сағат сайын жағалауды шолып отырмақ. Ал жекеменшік жағажай басшылары сол аумақтағы суға түсушілердің қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін болады. «Мұндағы мақсат – демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - дейді жағалауға арнайы рейд жүргізген аймақ басшылары. Тексеру кезінде жағажайларда заңсыз тұрған батуттар анықталды. Сосын көп жерде суға түсу қауіпсіздігі мен тыйым салынған аумақты білдіретін тақтайшалар жоқ.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері өңірде 2 жеткіншек суға кеткен.

Руслан Сакеев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

- Тыйым салынған жерлер болса, оны мәслихатқа шығып, тыйым салу мәселелерін қарастыру керек. Өйткені кейбір жерлердің астында баяғыдан қалған темір-терсек бар және судың тартыла бастауына байланысты тастардың шығып кетуі т.б. жағдайларды болдырмауы сияқты осы мәселелерді тағы зерттейтін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы