389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі қылмыстық істердің 16% электронды түрде қаралады

  • 214
  • UPD: 21:32, 03.07.2019
Еліміздегі қылмыстық істердің 16% электронды түрде қаралады

Бас прокуратура өкілдерінің дерегі осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бақылаушы органға Сенат төрағасы Дариға Назарбаева бастаған бір топ депутат барды. Кездесу барысында тараптар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында прокуратурада жасалып жатқан жұмыстарды талқыға салып, ондағы жаңа жобамен танысты.

Айталық, құқық қорғау органының мамандары барлық мемлекеттік мекемелердегі әкімшілік істерді электронды үлгіде қарауға мүмкіндік беретін бірыңғай жүйені қолға алған. Қазір 60 ведомство осы жаңашылдықтың игілігін көріп отыр. Жиын соңында Дариға Назарбаева аталған жүйені жетілдіруге қатысты ұсынысын айтты.

Хабар 24 телеарнасы