384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде өткен «Парламентаризмді дамыту» атты форумға қазақстандық депутаттар қатысты

  • 203
  • UPD: 23:45, 03.07.2019

Мәскеуде «Парламентаризмді дамыту» атты II халықаралық форум өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға 132 елден 800-дей делегат қатысып, халықаралық қауіпсіздік, цифрлық экономиканы дамыту және жастар мен экологиялық саясатқа қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Қазақстандық депутаттар елде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде еліміз тарапынан атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндады.

Владимир Божко, Мәжіліс төрағасының орынбасары:

- Цифрландыру және жалған ақпаратпен күрес жөнінде пікір бөлістік. Бұл барлық елдер үшін өзекті мәселе. Жұртты арандату үшін интернет қолданылып жүргенін бәрі түсінеді. Тіпті мұны әскери қауіп қатарына қоса бастады. Сөз бостандығын баспай, азаматтардың намысын қорғап, қоғамды ұлтаралық пен дінаралық алауыздықтан сақтап қалуға тиіспіз.

Жексенбай Дүйсебаев, Мәжіліс депутаты:

Бұл форумның мақсаты үлкен, зор, әлемдік масштабта. Парламентаралық қатынастарды жаңарту керек, нығайту керек деген мәселелер. Әсіресе, экология мәселелері, терроризм жөнінде, қазір цифрлік информация деп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы