384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда үшем дүниеге келді

  • 216
  • UPD: 23:57, 03.07.2019

Ақтаудағы Ана мен бала орталығында биыл екінші мәрте үшем дүниеге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолғы шақалақтардың екеуі балпанақтай ұл, біреуі қыз бала. Осылайша, 33 жастағы Гүлдана Мұсағалиева көп балалы ана атанды. Алғаш болып Әли, артынша Асылым, бірер минуттан соң Әмір дүние есігін ашқан. Қазір анасының да, балаларының да денсаулығы жақсы. Оларды үйінде 7 жастағы ағалары мен әкесі күтіп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, түрлі жынысты үшемдердің туылуы сирек жағдай. Биыл 6 айда бұл орталықта 509 нәресте шала туған екен. Олардың 15-і егіз. «Қазір барлығының да денсаулығы жақсы, бақылауда ұстап отырмыз», - дейді дәрігерлер.

Гүлдана Мұсағалиева, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Салмақтары өте төмен болды. Ақырын-ақырын жинадық. Бірінші Алла, сосын дәрігерлердің арқасында. Қазір салмағы жақсы. Бірінші бізде дүниеге келген баламыз ол Әли деп қойдық атын. Екіншісін Асылым деп папасы қойды. Үшіншісі Әмір деп нағашылары қойды.

Хабар 24 телеарнасы