389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жас сарбазды құтқарып қалған офицер «Айбын» орденімен марапатталды

  • 330
  • UPD: 23:47, 03.07.2019

Алматыда ҰҚК шекара қызметінің офицері Сергей Смицких I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауруханада жатқан полковникті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов арнайы барып құттықтады.

Естеріңізге салайық, Сергей Смицких 19 маусымда әскери оқу-жаттығу кезінде болған оқыс оқиғада жас сарбаз Данияр Өнербаевтың өмірін ажалдан арашалап қалған еді.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің орталық ауруханасында полковник Сергей Смицких пен жас сарбаз Данияр Өнербаевтың емделіп жатқанына екі жеті болды. Қазір денсаулықтары жақсы. Алайда, оқу-жаттығу кезінде болған оқыс оқиғадан екеуі де түрлі дене жарақтын алды. Шекарашы офицер  әскери қызметі барысында 2 мыңнан астам сарбазға  ұрыста қолданылатын гранатаны оқпанадан лақтыруды үйреткен. Тәжірибесі мол офицер бұл оқиға ойламаған сәтте болғанын айтады.

Сергей Cмицких, I дәрежелі «Айбын» орденінің иегері:

- Қауіп-қатер төнген сәтте шұғыл шешім қабылдадым. Бірақ Құдай сақтап, жанымыз аман қалды. Осындай жоғары дәрежелі марапат алып жатқаныма қуыныштымын, әрине. Әрекетімді ерлік мен қаһармандық деп таныған басшылық пен ел Президентіне алғысым шексіз.

Ал, шекара қызметінің 2027 әскери бөлімінің сарбазы Данияр Өнербаев әскер қатарына биыл наурыз айында алынды.

Оқу-жаттығу барысында оқыс жағдайдың болатындығын әрине ешкім болжаған жоқ. Қолынан жарылғыш затты абайсызда түсіріп алып, абдырап қалған. «Сол мезетте жанымда тұрған офицердің шапшаңдығы болмағанда ажал құшар ек», - дейді ол.

Данияр Өнербаев, ҚР ҰҚК 2027 әскери бөлімінің сарбазы:

Әрине, ол кісіге алғысым шексіз. Бір ажалдан тірі қалдық құдайға шүкір. Ата-анам да уайымдап, жылап осы жақа келгісі келді. Келмей-ақ қойыңдар дедім. Осы жақта ағам бар. Ағам келді жағдайымыды сұрап. Ал қазір жағдайым жақсы, жүре аламын.

Шекарашы офицерді марапаттауға арнайы келген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Сергей Смицкихтың ерлігі ерен екенін айтып, кеудесіне «Айбын» орденін тақты. Жас сарбаз Данияр Қайсарұлының жағдайын сұрап, тез арада сауығып кетуіне тіледі.

Авторлары: Алмас Садуақас, Қанат Қаматаев

Хабар 24 телеарнасы