389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттің көтерме базарында бау-бақша өнімдері жаппай тексерілуде

  • 322
  • UPD: 10:41, 04.07.2019

Шымкенттің көтерме базарларында сатылып жатқан бау-бақша өнімдері жаппай тексеріліп жатыр.

Олардың құрамындағы нитраттың мөлшерін мамандар жедел зертхана арқылы анықтауда.

Жаз - көтерме базарларда жеміс-жидек пен көкөніс саудасы қызатын мезгіл. Олардағы нитраттың мөлшерін бақылауға мүмкіндік күнде бола бермейді. Сондықтан тұтынушылар базар ішінде жұмысын бастаған жедел зертханаға бау-бақша өнімдерінен басқа да азық-түлік әкеліп, құрамын тексертіп жатыр. 

Қаныбек Салболтаев, қала тұрғыны:

- Осы жерден сатып алған қызанақ, қияр мен алманы тексертіп алдым. Қорытындысы жақсы. Ағзаға зияны жоқ бау-бақша өнімдерін саудалап жүрген азаматтарға рахмет.

Жедел зертханамен жарақтанған мамандар қаладағы барлық базарларды аралап шығуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, қазір дүкен сөрелері сырттан тасып әкелінген көкөністерге лық толы. Есесіне жеміс-жидектердің барлығы дерлік осы жерде өскен. Әзірше олардың сапасына қатысты сын тіркелмеген. 

Сейфулла Сұлтанбай, тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасы бастығының орынбасары:

- Бүгінде Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына нитраттан уланып, адам қаралмаған. Алайда қала бойынша ішек инфекциясының маусымы басталып келеді.

Мұрат Ағабаев, жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:

- Өткен айдың өзінде дәрігерлерге жүзге жуық адам келіп қаралды. Олардың қатары біртіндеп артып келеді. Әрине, бұған аптап ыстықта тез бұзылатын азық-түлікті жиі қолдану, жемістер мен көкөністі жуып жемеу басты себеп. 

Күн ыстықта тазалық сақтамаудың соңы дене қызуының көтерілуі мен іш өтуіне әкеп соқтырады. Осыған байланысты дәрігерлер өз мезгілімен піскен бау-бақша дақылын жуып жеуге кеңес береді.

Талғат Исламұлы, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы