389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде автобус жүргізушілеріне қатысты жедел шара алдын алу шарасы басталды

  • 233
  • UPD: 08:43, 04.07.2019
Семейде автобус жүргізушілеріне қатысты жедел шара алдын алу шарасы басталды

Семейлік полицейлер жол ережесін бұзатын автобус жүргізушілерін анықтауға кірісті. Қалада арнайы жедел алдын алу шарасы басталды.

Бұл жолы тәртіп сақшылары жолаушылар ретінде қалада қатынайтын қоғамдық көліктерге мініп жол бойы жүргізушілердің іс-әрекеттерін бағалай алды. Алғашқы күннің өзінде-ақ автобус тізгіндеген 24 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Жалпы саны 50-ге жуық жол ережесін бұзу фактілері әшкереленді. Бұл рейд Шығыс Қазақстан облысында үш күнге жалғасады.

Елубек Оспанов, қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Бұлардың жасаған құқық бұзушылықтары көбінесе автобус рулінде келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белбеуін тақпау, жолдың қарсы бөлігіне шығып кету, озып кету.

Хабар 24 телеарнасы