389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелде демалып келген балалардың ауруханаға түсу дерегі жиіледі

  • 226
  • UPD: 09:37, 04.07.2019
Шетелде демалып келген балалардың ауруханаға түсу дерегі жиіледі

Елордадағы қалалық аурухананың инфекциялық бөліміне күн сайын ұшыну белгілерімен кемі 9 бала түседі екен.

Себебі де көп, салдары да жетерлік.  Ауру астан демекші, үш пен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер кейде ашып кеткен  сүтті ішіп, ауырады. Әсіресе жуылмаған тіпті кейде құрамы күмәнді жеміс-жидекті жегеннен кейін де жедел жәрдемге жүгінеді. Рас, қазір  шет елдерде демалып, елге оралған балалардың ауруханаға түсу жағдайы жиілейді. Қандай да бір бұқаралық сипаттың ізі жоқ, дегенмен айдың күннің аманында сәбилердің ұщына беруі де ойға негіз, әңгімеге өзек.

Камиль Ярмамбетов, №3 көп бейінді қалалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі: 

- Балалар банан, қарбыз сияқты жеміс-жидектерді жеп ұшығып жатады. Ең дұрысы, тамақ жер алдында қолды жуу керек. Тұтынатын азықты да дұрыстап жуып алған жөн. Әр өнімнің өз мезгілі бар. Ерте піскен жемістерді қолданбауға кеңес беремін.

Хабар 24 телеарнасы