384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат бюджетке өзгерістер енгізу туралы заңды қабылдады

  • 316
  • UPD: 12:35, 04.07.2019
Сенат бюджетке өзгерістер енгізу туралы заңды қабылдады

Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтыруар енгізу туралы» Заңын қабылдады.

«Өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыруды қарастыратын 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы ұсынылып отыр. Заң жобасы 2019 жылға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін сақтауды ескере отырып қалыптастырылды. Республикалық бюджеттің негізгі параметрлері өзгеріссіз қалады. Президенттің тапсырмаларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету  Тікелей инвестициялар қорын құруға көзделген қаражаттың бір бөлігін қайта бөлу есебінен жүзеге асырылатын болады», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов.

Бюджеттің шығыс бөлігін нақтылау үш бағыт бойынша жүзеге асырылды. Біріншіден, халықтың тұтынушылық кредиттері бойынша борыш жүктемесін азайту ескерілген. Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтар санатына жатқызылған әрбір қарыз алушы үшін тікелей және атаулы қаржылық көмек ретінде мемлекет 300 мың теңгеге дейінгі жалпы мөлшерде негізгі борышты және ол бойынша есептелген сыйақыны өтейді. Осы мақсаттарға жоба 89,2 млрд теңге сомасында шығыстарды қарастырып отыр.  

Екінші бағыт жұмыспен қамту, аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен жастарды қолдау бойынша пәрменді шараларды кеңейту және күшейтуді қамтып отыр. Бұл мақсаттарға 138,6 млрд теңге бағытталатын болады. Үшінші бағыт бойынша жобада Үкімет резервін 72,2 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылады. Аталған қаражаттың бір бөлігі Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарларын жоюға бағытталатын болады. Бұдан басқа, 35,9 млрд теңге қаражатты ішкі қайта бөлу есебінен шұғыл шешуді қажет ететін міндеттемелерді қаржыландыру іске асырылады. Өз кезегінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2019 жылға арналған елдің әлеуметтік- экономикалық даму болжамының параметрлері бұрынғы деңгейінде сақталатынын және өзгермейтінін атап өтті. 2019 жылға мұнайдың болжамы бағасын бір баррель үшін 55 АҚШ доллары деңгейінде сақтау ұсынылады. ҚР Ұлттық банкінің болжамдары бойынша жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4-6 пайыз шегінде сақталған. Ағымдағы жылдың басынан бері экономиканың даму серпіні ескеріле отырып, 2019 жылы ЖІӨ-нің өсуі бұрын бекітілген 3,8 пайыз деңгейінде болмақ. «2019 жылы номиналды Жалпы ішкі өнім 64,3 трлн теңге көлемінде болжанады. Экспорт 54,4 млрд АҚШ доллары, импорт 32,9 млрд доллар көлемінде болжанады. 2019 жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері ағымдағы жылдың сәуір айында нақтыланған көлемде сақталған», - деді министр. Еске сала кетейік, Парламенттің төртінші сессиясы 2019 жылғы 5 шілдеге дейін ұзартылды.   Атап айтқанда, маңызды шараларды іске асыру үшін 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістерді енгізу қажет болды. Осыған байланысты бюджетке енгізілетін өзгерістерді қарастыру үшін Парламент сессиясының жұмыс мерзімі ұзартылды.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы