384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстан арсеналды шығару жұмыстары басталды

  • 242
  • UPD: 13:40, 04.07.2019
Арыстан арсеналды шығару жұмыстары басталды

Арыс қаласынан арсеналды шығару жұмыстары басталды.

Бұл туралы Сенатта тілшілер сауалына жауап беру кезінде ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті.

«Арыс қаласынан бұл арсеналды шығару жұмыстары басталды. 90 жыл бойы тұрған арсеналды бір күнде көшіру оңай емес, ол жерде көп көлемде оқ-дәрі жинақталған. Ол үшін басқа да қауіпсіз жерлерде алаңдар мен қоймаларды дайындау керек болады», - деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл бағытта тиісті қаржы шығыны қажет, яғни көлік, вагондар, контейнерлер, күзет шаралары қажет болады.

Осы орайда тасымалдау мен арсенал орналасатын жерде біз жүз пайыздық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Бұл жұмыстарға толықтай кірістік, оқ-дәрі бөлігін шығару басталды деп айтуға болады. Осы жұмыстар қанша уақыт алатынын қазір айту қиындау. Ең бастысы, тиісті жұмыстардың барысында Арыс тұрғындарының және барша азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Оқ-дәрі қауіпсіз сақталатын орындарға жеткізіледі, ондай нысандар Қазақстанда баршылық», - деді Нұрлан Ермекбаев.

Хабар 24 телеарнасы