383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысы Ескелді ауылының халқы Қорғасқа төте жолмен қатынайды

  • 217
  • UPD: 14:33, 04.07.2019

Алматы облысы Ескелді ауданының тұрғындары енді Қорғасқа төте жолмен қатынайтын болады.

Өйткені өңірдегі Қарабұлақ-Қоғалы бағытындағы жол жөнделіп жатыр. Қос ауданның аумағын қамтыған құрылыс жұмыстары былтыр басталған болатын. Қазір Жалғызағаш ауылының маңында асфальт төселуде. 

Нұрғали Талдыбеков Жалғызағаш ауылынан Қарабұлаққа жиі қатынайды. Сондықтан арадағы 28 шақырымдық жолдың әрбір ой шұңқырын жатқа біледі. Кетеуі кеткен асфальтпен аудан орталығына дейін бір сағатқа жуық уақытын жұмсайтын. Енді жылдам жететін боламыз дейді ол.

Нұрғали Талдыбеков, ауыл тұрғыны:

- Көлікпен жүреміз. Тесік көп болатын. Биыл жасалса тіпті әйбәт болады. Талай жылға кетеді. Бізге де халыққа әйбәт. Енді съездер жасалса жақсы болар еді.

Ескелді-Кербұлақ аудандарының арасын жалғаған жолдың ені 2 метрге кеңейтілген. Сөйтіп, жалпы ұзындығы 6 метрге жуықтады. Елді-мекен ішінде суағар мен тротуар салынған. Жолдағы тік жоталар қазылып, терең сайлар топырақпен толтырылды. Соның нәтижесінде қауіпті аймақтар қалыпты жағдайға келтірілді.  

Амангелді Баймолдаев, жүргізуші:

- Бұл жер ой болған. Аваринный подъем 12-13 метрге түсірдік. Енді сайды тегістеп жатырмыз. Бұл жер бұрыңғыдай емес, түзу жол болады.

Наубат Салихов, мердігер мекеме өкілі:

- Жол салу жұмыстары сәуір айында басталған болатын.  2019 жылдың қазан айында бітіру керекпіз. Құрылыс жұмыстары  бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр. 

Осы жылы Ескелді ауданындағы 19 көше жөнделеді. Бұл мақсатқа 371 млн теңгеден аса қаржы қарастырылып отыр. Сонымен қатар республика  есебінен де тас жол төсеу жоспарланған.

Санжар Қабдыбекұлы, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Ауыл ел бесігі бойынша 9 көшеге республикалық қаражат бойынша ақша бөлінген. Қазір мемлекеттік порталда ашық конкурс жарияланған. Сол бойынша ағымдағы жылы 9 көшені жөндеу басаталады. 

Алматы облысында Талдықорған-Өскемен бағытында автомагистраль салынып жатқаны белгілі. Биыл осы көлік дәлізі бойындағы елді-мекендерге  қатынайтын жол жасалады. Яғни, Лепсі- Ақтоғай, Қызылқайыңға баратын тас жолға асфальт төселінеді. Сонымен қатар, Қарақастек- Сұраншы батыр ауылының арасы да тақтайдай тегіс етіледі. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы