384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елді мекендер жанында оқ-дәрі қоймасы болмайды

  • 422
  • UPD: 18:19, 04.07.2019

Бұдан былай ешбір елді мекеннің маңында артиллериялық оқ-дәрі болмайды.

Бұл жөнінде қорғаныс министрі бүгін Сенатта тілшілер сауалына жауап беру кезінде мәлімдеді. Оның айтуынша, оқ-дәріні сақтауға қатысты тексерулер тұрақты жүргізіліп тұрады. Апатқа дейін Арыста да бірнеше тексеру жүргізілген. Кемшіліктер анықталып, барлығы жойылған еді. «Қазіргі кезде барлық гарнизон мен қалалар бойынша тағы бір тексеруді тағайындадым», – деді министр. Бұған қоса ведомство басшысы Арыстағы жағдайға қатысты тергеу шамамен бір айдың ішінде аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР қорғаныс министрі:

– Кеше жарылыс себептеріне қатысты бас әскери прокурордың орынбасары түсінік берді. Атап айтқанда, қызметтік салғырттық болуы мүмкін. Бұдан бөлек, тез жанатын заттардың өртенуі, электр желісінің тұйықталуы себептері де қарастырылуда. Осы орайда бұл нұсқалардың ешқайсысын жоққа шығара алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы