384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстық 150 бала Каспий жағасында демалады

  • 159
  • UPD: 17:42, 04.07.2019
Арыстық 150 бала Каспий жағасында демалады

Маңғыстау облысы Арыстағы бүлінген 8 көшені қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті.

Мұндағы 275 үй күрделі жөндеуден өткізіледі, ал жарамсыз деп танылған 3 баспана қайта салынады. 8 көшені жаңартуды аймақтың 8 құрылыс компаниясы өз мойнына алып отыр. Қазір қажетті техникалармен қамтамасыз етіліп, құрылыс қарқын алуда. Жөндеу жұмыстарына Арыс қаласының жұмыссыз тұрғындары да тартылып жатыр. Бұдан бөлек, Каспий жағалауына Арыс қаласының 150 баласына жазғы демалыс ұйымдастырылады.

Айта кету керек, «Арыс, біз біргеміз» шарасы аясында жарылыстан зардап шеккен арыстықтарға аймақтан 8 тонна киім мен 6 тонна азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді.

Серікбай Тұрымов, Маңғыстау облысының әкімі:

– Мемлекеттік қызметшілер, басқа да өндірістік мекемелер өздерінің қаржылай үлестерін қосып жатыр. Бұл 1 күндік еңбекақысымен көмектесіп жатқандар. Ол арнайы шотқа түсіп, тиісті көмекті сол жақтан белгіленген шотқа аударып жатырмыз. Құрылыс материалдарын алуға, қайта қалпына келтіруге де осы қаражатты жұмсаймыз, әрине, бұл жұмыс жалғасып жатыр, көмектесіп жатқан азаматтар бар.

Хабар 24 телеарнасы