384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік оқушылар өртті дереу анықтайтын құрал ойлап тапты

  • 158
Ақтөбелік оқушылар өртті дереу анықтайтын құрал ойлап тапты

Ақтөбелік оқушылар дала мен орман өртін тез арада анықтау жолын ойлап тапты.

Назарбаев зияткерлік мектебінің тәрбиеленушілері жалын шыққанын байқап, белгі беретін құрал жасаған. Ұзын сырыққа бекітілген арнайы қабылдағыш ультра-күлгін сәулелер мен жердің температурасын анықтайды. Шамадан асса, ұялы телефон арқылы Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама жолдауға қауқарлы. Иен дала мен адам аяғы сирек басатын ну ормандарда қолдануға қажет-ақ. Себебі тілсіз жаудың шыққанын дер кезінде байқап, жедел тоқтатуға мүмкіндік береді.

Республикалық робототехника сайысында бірінші орынды иемденген құрылғы әзірге 1 шаршы шақырым жерді қамтиды. Егер қуаттылығын арттырса, қызмет ету көлемі де артады. Жас өнертапқыштар құзырлы орган өкілдері мен ауыл шаруашылығы саласы мамандарына таптырмас құрал деп отыр.

Айдана Кенжебаева, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

– Менің атамның жеке шаруа қожалығы бар. Жыл сайын өрт шығып, шабындық жерлерден айырылып қалып отырғанын естіп жүрмін. Дәл уақыты мен шыққан жерді анықтап айту қиын. Сондықтан осы жобаны қолға алуды жөн көрдім.

Самал Әли, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

– Біріншіден, біз авторлық құқық алғымыз келіп тұр. Содан кейін патентке де жоспарларымыз бар. Табиғатты қорғау саласындағы мамандарға осы жобамызды ұсынғымыз келіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы