389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «ДВК» қозғалысының мүшелері қамауға алынды

  • 450
  • UPD: 23:58, 04.07.2019

Алматыда Қазақстанның демократиялық таңдауы экстремистік қозғалысының (ДВК) ұйымдастырушылары ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады. Айтуынша, бұған дейін полицейлер олармен профилактикалық сұхбат жүргізген. Бірақ заңға қайшы екенін біле тұра аталған азаматтар іс-әрекеттерін тоқтатпаған. Сол себепті олар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылып, үйқамаққа алынған еді. Бірақ бірнеше күн бұрын полицейлер «олар Алматы қаласында экстремистік қозғалыстың рұқсат етілмеген акциясын өткізуге дайындалуда» деген хабар алған.

3 шілде күні экстремистік қозғалыстың басқа да мүшелеріне қатысты тергеу шарасы жүргізілген. Олардың үйлерін тінту кезінде экстремистік сипаттағы плакаттар мен парақшалар, түтіндеткіш шашкалар, аэрозольді бояғыштар, дауыс ұлғайтқыштар, байланыс құралдары мен ірі көлемді ақша табылған.

Салтанат Әзірбек, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:

– Осы топ мүшелерінің әрқайсысының өз рөлдері болған. Бұл азаматтар қазіргі таңда өз кінәларын толығымен мойындауда. Тәркіленген заттардың арасында заңға қайшы келетін үндеулер де болған. Енді күні кеше ғана соттың шешімімен бұлтартпау шарасы өзгертілді. Үй қамауынан кәдімгідей қамауға өзгертілген болатын. Бұл азаматтар енді қамауға алынды. Осы азаматтармен қатар тағы бірқатар азамат ұсталып отыр. Олар ӘК 488-бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылып, соттың шешімен тиісті шараға тартылды.

Хабар 24 телеарнасы