389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста оқ-дәрі қалдықтарын жою жұмыстары жүріп жатыр

  • 409
  • UPD: 23:57, 04.07.2019

Оның табылған бөлшектері қаладан 60 шақырым қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған полигонда, ал тасымалдауға жарамайтындары арсенал аумағында жойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев хабарлады. Оның айтуынша, сақтық шаралары барынша ескерілген. Оқ-дәрілерді жою кезінде тұрғындарға қауіп төнбейді. Ал арагідік естілетін дүрсілден үрейленудің қажеті жоқ.

Тимур Дәндібаев, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары: 

– Арыс қаласындағы жағдайды қалпына келтіру үшін тартылған Қарулы күштердің барлық бөлімшелері төтенше жағдайды жоюды жалғастыруда. Ол үшін минадан тазартатын 42 топ құрылды. Олар Арыс қаласында. Арсеналға іргелес аумақта тұрғындардың шақыртуы бойынша ұтқыр топтар да жұмыс істейді.

Айта кетейік, мемлекет басшысының төтенше жағдай болған жерде әскери бөлімді көшіруге қатысты тапсырмасына сәйкес шаралар басталып кетті.  Қазіргі уақытта атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тиеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қалада саперлер жасағы жұмысын жалғастыруда.

Тимур Дәндібаев, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары: 

– Жергілікті тұрғындармен күдікті заттарды табу мәселесі бойынша түсіндіру жұмысы белсенді жүргізілуде. Жеке құрам Арыс тұрғындарына үйлеріне қайтып оралуға көмектесуде. Әскери психологтар тобы іс-шара кешенін, тұрғындарға кеңес беруді жүзеге асыруда.

Хабар 24 телеарнасы