389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан жауынгерлері Беларусьтің басты мейрамына қатысты

  • 299
  • UPD: 23:56, 04.07.2019

Қазақстан Қарулы күштерінің ту ұстаушылар тобы Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты әскери шеруге қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарбаздарымыз бұл шараға алғаш рет шақырылып отыр. Тәуелсіздік күні елдің басты мейрамы саналады. Сарапшылардың айтуынша, ел басшылығының осы шараға жауынгерлерімізді шақыруы мемлекеттеріміз арасында орнаған жоғары сенім мен ынтымақтастықтың белгісі. Жалпы, әскери шеруге 5 мыңнан астам сарбаз бен офицер қатысқан.

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының президенті:

– Жыл сайын шілденің үшінші күнінде біз Ұлы Отан соғысының қаһармандық оқиғаларын еске аламыз. Сол соғыста ата-бабаларымыз иін тіресе басқыншыларға қарсы соғысқан. Бүгінде мемлекеттеріміздің тыныштығы мен амандығын бірлесіп сақтап келеміз.

Хабар 24 телеарнасы