388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да өздігімен жол жөндеп жүрген баланың ісі көпшілікке үлгі

  • 471
  • UPD: 10:30, 05.07.2019

Солтүстік Қазақстан облысында өздігімен жол жөндеп жүрген баланың ісі көпшілікке үлгі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Новоукраинка ауылында тұратын 10 жастағы Саша көше шұңқырларын қиыршық таспен тегістеп шыққан. Енді оны құрылысшылар жөндемек.

Қарапайым ауылдың қарапайым баласы. 10 жастағы Сашаның ісі әлеуметтік желіде қызу қолдау тапты. Ол өзі тұратын көшенің шұңқырларын «жамап», көпке үлгі болды.

Александр Смирнов, Новоукраинка ауылының тұрғыны:

- Бір трактор келіп, қиыршық тас төгіп кетті. Оны ешкім жаймады. Бір күні күрек алып, өзім жайдым. Жол-жөнекей кетіп бара жатқан жүргізушілер бас бармағын көрсетіп, «жарайсың» деді.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- 1977 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 5 уран шахтасы ашылды. Солардың бірі – осы Новоукраинка ауылында орналасқан. Қазір ол жабық. Ал елді мекенде 300-ден астам отбасы түтін түтетіп отыр.

Жолдың жайын жырлап жүргендердің бірі – Айтмаханбет Дауылбаев. Қаратал ауылының тұрғыны бұл туралы талай рет жоғары жаққа хат та жазған.

Тұрғындардың тілегі қабыл болды. Биыл Саумалкөлден Қараталға дейінгі 30 шақырым жолды жөндеуге ақсақал айтқан ақша бөлінді. Елдің қуанышында шек жоқ. Бұл жұмысқа салтанатты түрде Саша бастау берді.

Айтмағанбет Дауылбаев, Қаратал ауылының тұрғыны:

- Бұрын автобус жүретін. Жол болмағасын автобус тоқтап қалды, міне 2 жылдан бері қарай. Енді автобус жүрсе, халық жүргінші бәрі қыдырып жүрмей ме? Анда-мында бармаймыз ба?

Елдің сүйіктісіне айналған Саша құрылысшылармен бірге арнайы техниканы тізгіндеп көрді. «Енді жұмыс барысын өзім бақылаймын», - дейді бала.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

 

Хабар 24 телеарнасы