389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда SCAT әуе компаниясының 200 жолаушысы Түркияға ұша алмай тұр

  • 296
  • UPD: 11:52, 05.07.2019

SCAT әуе компаниясына тиесілі «Нұр-Сұлтан – Анталия» бағытындағы 475 әуе рейсі 7 сағат бойы елорда әуежайынан ұша алар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге себеп-салдары белгісіз. Жолаушылардың айтуынша, әуе көлігі дәл ұшар алдында кері бұрылған. Адамдар ұшақ ішінен шығарылған. Компания қызметкерлері басында рейстің бір сағатқа кейінге шегерілетінін айтқан. Алайда ұшу уақыты бірнеше сағатқа созылды. Жолаушылар арасында әріптесіміз, журналист Галина Алькешева да бар болып шықты. Ол бізге телефон арқылы мәселенің мән-жайын айтып береді. 

Галина Алькешева, «Нұр-сұлтан-Анталия» рейсінің жолаушысы:

- Түнгі екіде ұшақ елордадан ұшуы тиіс болатын. Жолаушылар отырып, ұшақ қозғала бастаған еді. Сосын техникалық себептерге байланысты деген хабарлама жасап, әуе көлігін кейін қайтарды. Бірнеше сағаттан кейін SCAT өкілдері келіп, рейстің күндізгі онға дейін шегерілгенін айтты. Компания қосымша техникалық жабдықтарға қатысты деген ресми мәлімдеме таратты. Адамдарға қонақ үй ұсынылды. Бірақ жолаушылар одан бас тартты.

Хабар 24 телеарнасы