383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық диқандар элиталық тұқымды Ресейден тасуға мәжбүр

  • 108
  • UPD: 09:41, 05.07.2019
Қостанайлық диқандар элиталық тұқымды Ресейден тасуға мәжбүр

Аграрлық саладағы ғылыми бағдарламаларды қаржыландыру қысқарғандықтан қостанайлық шаруалар элиталық тұқымды Ресейден тасуға мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыста дәстүрлі түрде өтетін «Алқап күнінде» айтылды. Басқосуда сала мамандары мен диқандар қауымы егін шаруашылығындағы түйткілдерді талқылап, пікір алмасты. Биыл облыс бойынша 4 млн гектарға жуық алқапқа дәнді дақылдар егілді. Оның 3 млн 400 мың гектары бидай. Тобыл өңірі егіншілік үшін тәуекелі көп аумаққа жатады. Сондықтан тыңайтқыш сеуіп топырақты баптап, зиянкестерге қарсы гербицидтерді пайдаланғанда ғана мол өнім алуға мүмкіндік бар. Осыған қажетті мемлекеттен бөлінетін субсидияның уақытылы төленбеуі де шаруаларды мазалап отыр.

Ыбыраш Естаев, шаруа:

- Береміз деген субсидияларын уақытында бермейді. Енді ол Үкіметтің қаржысына да байланысты шығар. Тыңайтқыш, гербицидтың ақшасын әлі берген жоқ. Өзі удай қымбат. Қымбат болса да, біз өз ақшамызға алдық.

Хабар 24 телеарнасы