389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық емханаларда ашық есік күні өтті

  • 328
  • UPD: 09:45, 05.07.2019
Қызылордалық емханаларда ашық есік күні өтті

Қызылордалық емханалар Елорда күніне орай ашық есік күнін өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара шеңберінде кез келген тұрғын емдеу мекемесіне келіп, алдын ала жазылусыз мамандардан кеңес алды. Ультрадыбыстық зерттеу, қан қысымын өлшеу, қандағы қанттың деңгейін білу мүмкіндігіне де ие болды. Мәселен, №3 емханада өткен акцияның алғашқы сағаттарында жүзге жуық тұрғын келген. Денсаулық шарасы осы аптаның соңына дейін жалғасады.

Ләйла Күдербаева, қала тұрғыны:

- Қан қысымым жоғары еді. Соны өлшетіп келіп жатырмыз. Сонымен енді дәрігерге барып, ем-дом алуға бара жатырмыз.

Гүлстан Мақсұтова, №3 емхананың бас дәрігері:

- Ашық есік күндерінде біз өзіміздің тіркелген халықтарымызға қан қысымын, қантын, холестеринін, бойын, салмағын өлшеп, ауытқу болған жағдайда соларға кеңес беріп жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы