384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан 1000 адам қабылдауға дайын

  • 144
  • UPD: 09:50, 05.07.2019
ШҚО халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан 1000 адам қабылдауға дайын

Шығыс Қазақстан облысы халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан 1000 адам қабылдауға әзір, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл осы мүмкіндікті Арыс қаласының тұрғындары да  пайдалана алады. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының басшысы мәлімдеді. Аталған шара «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде 2017 жылдан бастап іске асырылып келеді. Осы аралықта оңтүстіктен 674 отбасы қоныс аударып, жұмысқа орналасып, баспаналы болған. Әсіресе, бұл бағытта Риддер, Алтай, Зайсан, Аягөз қалаларындағы көрсеткіштер жақсы. Ал биыл қаңтар айынан бастап облысқа 566 адам көшіп келді. Енді 1000 адамды қабылдау жоспары тұр. Жанұяларды әлеуметтік қолдау үшін мемлекет тарапынан субсидия түрінде көмек  көрсетіледі. Мамандардың айтуынша, аймаққа әсіресе, химия, биология, ағылшын тілі пәні мұғалімдері, сонымен қатар, дәрігерлер, тәрбиешілер мен агрономдар қажет.

Ерболат Ошақбаев, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:

- Осы қоныс аударушыларға жалпы республикалық бюджеттен 736 миллион теңге қаражат қарастырылған. Кез келген аудандарға Шығыс Қазақстан облысындағы 19 қала мен аудандардың барлығына бірдей Арыс азаматтарын біз қабылдауға даярмыз.

 

Хабар 24 телеарнасы