389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда құтқарушылар арасында тактикалық оқу-жаттығу өтті

  • 242
  • UPD: 09:55, 05.07.2019
Оралда құтқарушылар арасында тактикалық оқу-жаттығу өтті

Оралда жедел құтқару жасақтарының қатысуымен тактикалық арнайы оқу-жаттығу шарасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сценарийге сәйкес, станцияға таяп қалған жүк пойызы жолдан шығып, мұнай толы цистерна аударылып қалған. Салдарынан от тұтанып жолаушылардың өміріне айтарлықтай қауіп төнді. Дегенмен, оқу-жаттығуға қатысқан жедел құтқару жасақтары мен полиция және медицина қызметкерлері бұл сыннан сүрінбей өтті. Ширақ іс-қимылдың арқасында зардап шегушілер дереу қауіпсіз жерге шығарылды.

Эльмира Сахуова, Апаттар медицинасы орталығының фельдшері:

- Өрттен қашу кезінде аяғын сындырып алды. Біз оған ауырсынуын бастық және аяғына шина салдық. Қазір облыстық ауруханаға апара жатырмыз, науқастың жағдайы қазір жақсы.

Райымбек Тұманғалиев, облыстық ТЖД аға офицері:

- Осы жаттығу бойынша барлық қызметтер өз міндеттерін жақсы білетіндігін және өз іс-шараларын  жоғары деңгейде атқара алатынын көрсетті. Оқу-жаттығуға 50 жеке құрам мен 10 техника қатысты. Қауіпті кезең басталды. Сонымен қатар күніне 10-15 шақты өрт тіркеледі. Бірақ теміржол станциясы бойынша 2 жыл аясында осындай ТЖ тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы