384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі аспалы көпірді күтіп ұстауға 82 млн теңге бөлінеді

  • 464
  • UPD: 11:04, 05.07.2019
Семейдегі аспалы көпірді күтіп ұстауға 82 млн теңге бөлінеді

Семейдегі аспалы көпірді күтіп ұстауға 82 миллион теңге бөлінетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коммуналдық кәсіпорындар бұл қаржыға шұңқырын бітеп, оны күзетуге және жаз, қыс мезгілінде көпір үстін жинау жұмыстарын жүргізеді. Болашақта оған қажетті қаржы облыстық бюджет есебінен бөлінуі мүмкін. Коммуналдық кәсіпорындар қазір бюджеттік өтінім әзірлеп жатыр. Көпірді жөндеуге жалпы сомасы 350 миллион теңге керек. Қазақстандағы жалғыз, ал әлемдегі 17-ші аспалы көпір қаланы көгалдандыру және абаттандыру бөлімінің балансында. Оның ұзындығы - 1086 метр.

Нұрлан Серғазинов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

- Қазір онда асфальтбетон жабынын төсеу технологиясы келісіліп жатыр. Бұған бірқатар фирма мен зертхана тартылды. Жақын арада жөндеу жұмыстары басталады.

Хабар 24 телеарнасы